Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Павлодар облысы білім беру басқармасының
«Железин аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК

КГКП «Железинский аграрно-технический колледж»

управления образования Павлодарской области

МЕНЮ
  • sl-1.jpg

2025 жылғы 15 қыркүйекте Железин аграрлы-техникалық колледжінде «Заң және қоғам» тақырыбында құқықтық сағат өткізілді. Іс-шараға кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор Балгужинова И.И. қатысты.

 Заңнамадағы өзекті мәселелер бойынша мазмұнды презентацияны сынып жетекшісі Алиева А.А. ұсынды.

Іс-шараның мақсаты — студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауды қалыптастыру, өз құқықтары мен міндеттерін түсіну, сондай-ақ құқықтық ойлауды дамыту.

Ерекше назар есірткі заттарының зиянына аударылды. Инспектор олардың денсаулыққа тигізетін ауыр зардаптары және тыйым салынған заттарды сақтау мен таратқаны үшін заңнамада көзделген жауапкершілік туралы айтты.

Жаңа оқу жылында біз – студенттер мен оқытушылар апта сайын Мемлекеттік Әнұранды орындау дәстүрін жалғастырамыз. Әр дүйсенбі күні жаңа жұмыс аптасын осындай патриоттық жігермен бастау біз үшін үлкен мәртебе. Бұл дәстүр жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті арттыра түседі. 

2025 жылғы 12 қыркүйекте Железин аграрлы-техникалық колледжінде «Неке және отбасы институтын нығайту» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинарға Павлодар қаласының білікті мамандары – психологтар мен медиаторлар қатысты. 

Колледж студенттері отбасы құндылықтары, қарым-қатынас мәдениеті және қоғамдағы өзара түсіністікті нығайту жолдары бойынша өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды. Іс-шара интерактивті форматта өтіп, қатысушылардың қызығушылығын арттырды.

© 2026 Павлодар облысы білім беру басқармасының
«Железин аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК КГКП «Железинский аграрно-технический колледж»

управления образования Павлодарской области