Павлодар облысы білім беру басқармасының «Железин аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК
КГКП «Железинский аграрно-технический колледж» управления образования Павлодарской области
«Жастар сыбайлас жемқорлыққа қалай қарсы тұра алады?»
2025 жылғы 8 желтоқсанда Железин аграрлы-техникалық колледжінде «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қалай қарсы тұра алады?»тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.Сабақ барысында студенттер сыбайлас жемқорлық ұғымын, оның қоғамға теріс әсерін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы жастардың маңызды рөлін талқылады. Ерекше назар адалдық, әділдік және азаматтық жауапкершілік сияқты құндылықтарға аударылды.Сонымен қатар «Жалған ақпаратты, оның ішінде интернетте тарату үшін жауапкершілік»тақырыбында қауіпсіздік сағаты өтті.
Студенттерге фейк жаңалықтар, жалған ақпарат қамтылған жарияланымдар мен пікірлерді таратуының құқықтық салдары түсіндірілді. Киберқауіптердің мысалдары мен оларды алдын алу шаралары қарастырылды. Ақпаратты тарату алдында оны тексерудің және сыни ойлаудың маңыздылығы атап өтілді.
Толығырақ...Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған кураторлық сағат
Железин аграрлы-техникалық колледжінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимні сөзінің авторларының бірі, ақын әрі жазушы Жүмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған кураторлық сағат өтті.
Студенттер Ж. Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылық жолымен, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына, сондай-ақ жастардың патриоттық тәрбиесіне қосқан үлесімен танысты.
Кураторлық сабак барысында оның шығармаларының ұлттық өзіндік сананы және Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастырудағы маңызына ерекше көңіл бөлінді.
Толығырақ...26 қараша күні біздің колледжде 1 курс студенттерге арналған математика пәні мұғалімдері Абылкасова Ж.Т. және Аплашова А.К. ашық сабақтар өткізді.
Сабақтардың мақсаты – логикалық ойлау қабілетін дамыту, стандарттан тыс есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру және пәнге деген қызығушылықты арттыру болды. Студенттер белсенді қатысып, топпен жұмыс жасап, жоғары нәтижелер көрсетті.
Ашық сабақтар математика пәнінің қызықты, мазмұнды және болашақ мамандық үшін маңызды екенін дәлелдеді.
Белсенділігі мен шығармашылығы үшін оқытушылар мен студенттерге алғыс білдіреміз!
Толығырақ...«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн»
25 қараша күні Железин аграрлы-техникалық колледжінде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясының алғашқы күні ашылды. Осыған орай колледжде аталған тақырыпқа арналған тәрбие сағаты өткізілді.
Шара барысында студенттерге гендерлік зорлық-зомбылықтың түрлері, көмекке жүгінудің маңыздылығы және қауіпсіз, қолдаушы орта қалыптастыруда әр адамның рөлі түсіндірілді.
Мұндай іс-шаралар жастардың бұл мәселеге саналы көзқарасын қалыптастыруға, құрметке негізделген қарым-қатынас пен зорлық-зомбылықсыз мәдениетті дамытуға бағытталған.
Колледж алдағы уақытта да белсенді, жауапты және толерантты жастарды тәрбиелеу бағытындағы жұмысын жалғастыра бермек.
Бос жұмыс орындары
Мемлекеттік қызметтер
управления образования Павлодарской области








