2025 жылғы 12 қыркүйекте Железин аграрлы-техникалық колледжінде «Неке және отбасы институтын нығайту» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинарға Павлодар қаласының білікті мамандары – психологтар мен медиаторлар қатысты.
Колледж студенттері отбасы құндылықтары, қарым-қатынас мәдениеті және қоғамдағы өзара түсіністікті нығайту жолдары бойынша өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды. Іс-шара интерактивті форматта өтіп, қатысушылардың қызығушылығын арттырды.








