Павлодар облысы білім беру басқармасының «Железин аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК
КГКП «Железинский аграрно-технический колледж» управления образования Павлодарской области
Железин аграрлы-техникалық колледжінде 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті.
Осы тамаша көктемгі күні сахна төрінен колледждің дамуына өз еңбегімен, қамқорлығымен және даналығымен зор үлес қосып жүрген әйелдерге арналған жылы алғыс сөздер мен құттықтаулар айтылды.
Іс-шара барысында колледждің әйел қызметкерлері адал еңбегі, кәсібилігі және оқу орнының қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін марапатталып, құрметке ие болды.
Мерекелік бағдарлама студенттердің жарқын өнер көрсетулерімен, музыкалық нөмірлерімен және жылы атмосферасымен ерекшеленді. Концерт барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй, шаттық пен ұмытылмас әсер сыйлады.
2026 жылдың 4 наурыз күні біздің колледж студенттері аграрлық-техникалық колледж студенттері арасында өткен V облыстық кешенді спартакиадаға қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша біздің команда оқ ату спортынан I жалпыкомандалық орынға ие болды!
Дайындық үшін қару-жарақпен қамтамасыз еткен Железин ауданының Мәдениет және спорт бөліміне @madeniet_sport_bolimi_zhlz алғысымызды білдіреміз.
Сондай-ақ спортшыларымыздың дайындалуына атсалысып, ату тирін ұсынған Железин №2 жалпы орта білім беретін мектебіне @zhelezin_mektep2 де ризашылығымызды білдіреміз.
Дене шынықтыру мұғалімне тілейтіңіміз, үлкен биік шындардан көріней беріңіз , біз Сізбен мақтанамыз @laamparter
Біздің студенттерімізді мақтан тұтамыз және алдағы уақытта да жаңа жеңістер тілейміз!
Толығырақ...«Салауатты өмірге қадам»
18 ақпанда колледждің медицина қызметкері Василевич А.А. және колледж психологы Штрауб А.А. студенттермен «Салауатты өмірге қадам» тақырыбында әңгіме өткізді. Аталған әңгіме жасөспірімдер арасында синтетикалық есірткілердің таралуы мен қолданылуының алдын алуға бағытталды.
Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, есірткі қолданудың салдарымен таныстыру, есірткі заттарын қолдануға теріс көзқарас қалыптастыру, сондай-ақ есірткі қолданатын және басқаларды соған тартуға тырысатын тұлғалармен қарым-қатынаста қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Толығырақ...Дүниежүзілік Қауіпсіз интернет күні
2026 жылдың 9 ақпанында Железин аграрлы-техникалық колледжінде сынып жетекшісі Д. В. Анциферов Дүниежүзілік Қауіпсіз интернет күніне орай сынып сағатын өткізді.
Іс-шараның мақсаты студенттердің Интернет желісінде жауапкершілікті және қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру, цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру және ықтимал интернет-қауіптер туралы хабардар болу болды. Сынып сағаты барысында интернет-ресурстарды қауіпсіз пайдаланудың негізгі ережелері, дербес деректерді қорғау мәселелері, сондай-ақ әлеуметтік желілерде байланыс орнатуға және онлайн-сервистерді пайдалануға байланысты тәуекелдер қаралды.
Толығырақ...Бос жұмыс орындары
Мемлекеттік қызметтер
управления образования Павлодарской области








