2025 жылдың 8 қазанында Железин аграрлы-техникалык колледжінде “Ұшқыр ой алаңы” жобасы аясында «Қазіргі жастар: патриоттар немесе космополиттер ұрпағы?» тақырыбында пікірталас өтті.
Іс-шара оқушылардың сыни ойлауын, дәлелдеу, өз көзқарасын қорғай білу, сындарлы диалог жүргізуге бағытталған.
Қатысушылар қазіргі жастардың негізгі құндылықтарын, олардың туған жеріне, мәдениетіне және тіліне деген көзқарасын, сондай-ақ жаһандануға деген ұмтылысын және жаңа идеялар мен халықаралық тәжірибеге ашықтығын талқылады.





