25 қараша күні Железин аграрлы-техникалық колледжінде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясының алғашқы күні ашылды. Осыған орай колледжде аталған тақырыпқа арналған тәрбие сағаты өткізілді.
Шара барысында студенттерге гендерлік зорлық-зомбылықтың түрлері, көмекке жүгінудің маңыздылығы және қауіпсіз, қолдаушы орта қалыптастыруда әр адамның рөлі түсіндірілді.
Мұндай іс-шаралар жастардың бұл мәселеге саналы көзқарасын қалыптастыруға, құрметке негізделген қарым-қатынас пен зорлық-зомбылықсыз мәдениетті дамытуға бағытталған.
Колледж алдағы уақытта да белсенді, жауапты және толерантты жастарды тәрбиелеу бағытындағы жұмысын жалғастыра бермек.





