2025 жылғы 8 желтоқсанда Железин аграрлы-техникалық колледжінде «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қалай қарсы тұра алады?»тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.Сабақ барысында студенттер сыбайлас жемқорлық ұғымын, оның қоғамға теріс әсерін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы жастардың маңызды рөлін талқылады. Ерекше назар адалдық, әділдік және азаматтық жауапкершілік сияқты құндылықтарға аударылды.Сонымен қатар «Жалған ақпаратты, оның ішінде интернетте тарату үшін жауапкершілік»тақырыбында қауіпсіздік сағаты өтті.
Студенттерге фейк жаңалықтар, жалған ақпарат қамтылған жарияланымдар мен пікірлерді таратуының құқықтық салдары түсіндірілді. Киберқауіптердің мысалдары мен оларды алдын алу шаралары қарастырылды. Ақпаратты тарату алдында оны тексерудің және сыни ойлаудың маңыздылығы атап өтілді.







