Железин аграрлы-техникалық колледжінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимні сөзінің авторларының бірі, ақын әрі жазушы Жүмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған кураторлық сағат өтті.
Студенттер Ж. Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылық жолымен, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына, сондай-ақ жастардың патриоттық тәрбиесіне қосқан үлесімен танысты.
Кураторлық сабак барысында оның шығармаларының ұлттық өзіндік сананы және Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастырудағы маңызына ерекше көңіл бөлінді.






