2025 жылғы 23 желтоқсанда Железин аграрлық-техникалық колледжінде «Саналы ұрпақ» жобасын іске асыру аясында студенттер арасында «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында сауалнама жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты — білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылық деңгейін анықтау, жемқорлық көріністеріне деген теріс көзқарасты қалыптастыру, сондай-ақ жастар арасында адалдық пен құқықтық мәдениетті тәрбиелеу.
Сауалнама студенттердің әділдік, жауапкершілік және заңдылық мәселелеріне деген көзқарасын бағалауға мүмкіндік берді.








