Онда ауыл шаруашылығының алдында тұрған заманауи сын-қатерлерді ескере отырып, білім беру жүйесін жаңғырту қажеттілігі талқыланды.
Семинарға академиялық ұтқырлық шеңберінде Кемеңгерге келген Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінің, Павлодар облысының оқу орындарының, білім басқармаларының, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ветеринария, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.
Баяндамашылар білім беру және ауыл шаруашылығы салаларын біріктіретін ең өзекті тақырыптар бойынша сөз сөйледі. Басты назар болашақ мамандықтарына аударылды.
Семинарға қатысушылар оқу орындарында осындай кадрларды даярлау үшін жасанды интеллект құралдарын белсенді пайдалану қажет-дегенді талқыға салды. Семинарға Железин аграрлы-техникалық колледж атынан арнайы пәндер оқытушысы Галайба Николай Николаевич қатысты.
Бірқатар баяндамалар ауыл шаруашылығы өндірісіндегі инновацияларға, мысалы, ақылды жылыжайларға, жаңа метеостанцияларды қолдануға, тамақ өнеркәсібіндегі нанотехнологияларға және т.б. арналды.
Семинар соңында қатысушыларға тиісті сертификаттар табысталды.