Павлодар облысы білім беру басқармасының «Железин аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК
КГКП «Железинский аграрно-технический колледж» управления образования Павлодарской области
«Неке және отбасы институтын нығайту»
2025 жылғы 12 қыркүйекте Железин аграрлы-техникалық колледжінде «Неке және отбасы институтын нығайту» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинарға Павлодар қаласының білікті мамандары – психологтар мен медиаторлар қатысты.
Колледж студенттері отбасы құндылықтары, қарым-қатынас мәдениеті және қоғамдағы өзара түсіністікті нығайту жолдары бойынша өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды. Іс-шара интерактивті форматта өтіп, қатысушылардың қызығушылығын арттырды.
Толығырақ...Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылғы 16 сәуір күні колледж студенттері үшін «Бакауов» шаруа қожалығына экскурсия ұйымдастырылды.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылғы 16 сәуір күні колледж студенттері үшін «Бакауов» шаруа қожалығына экскурсия ұйымдастырылды. Шаруа қожалығының басшысы Бакауов М.Ж. студенттерді импорттық ауылшаруашылық техникаларымен таныстырды, олар бұл техникалардың жұмыс істеу принциптері мен пайдалану ережелері туралы білді, сондай-ақ дәнді және майлы дақылдарды өсіру технологиясымен танысты. Сонымен қатар, студенттер машиналар мен трактор агрегаттарының жаңа модификацияларымен де танысты. Экскурсия барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарды белсенді қойып, оларға шаруа қожалығының басшысы Бакауов М.Ж. және ауыл шаруашылығы агрономы Дүйсенов С.С. тарапынан жауап алды.Экскурсияның қорытындысы ретінде колледж басшысы Унбаев Н.Н. мен шаруа қожалығының басшысы Бакауов М.Ж. арасында өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды. Экскурсия аяқталғаннан кейін, шаруа қожалығының басшысы студенттерді асханаға шақырып, оларға дәмді түскі ас ұсынды.
2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды
Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды.
Осы орайда, Павлодар облыстық мәслихат депутаттары Болат Аманжолов, Саят Елгонденов, Динара Айтжановамен бірге Железин ауданына жұмыс сапарымен барды.
Павлодар облысы бойынша «Ауыл» партиясының аймақтық филиалы жұмысшы мамандықтарды жастар арасында насихаттау және жастарды жұмысқа орналастыру үшін жастарды қолдауда «Студенттік және жастар жасақтары» бағдарламасын жүзеге асыра отыра, «Ауыл» партиясынын облыстық филиалының төрағасы Болат Аманжоловпен Железин аграрлы-техникалық колледжімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Толығырақ...“Адалдық пен ар-ождан”
2024 жылғы 10 сәуірде Железин аграрлы-техникалық колледжінде “Адалдық пен ар-ождан” тақырыбында пікірталас өткізілді. Талқылау барысында бұл моральдық қасиеттердің маңыздылығы, адамның және қоғамның өміріндегі рөлі қарастырылды. Пікірталас барысында қатысушылар адалдық пен ар-ожданның шешім қабылдауға, адамдардың іс-әрекеттеріне және айналасындағы адамдармен қарым-қатынасына қалай әсер ететіні туралы өз ойларымен бөлісті.
Толығырақ...Бос жұмыс орындары
Мемлекеттік қызметтер
управления образования Павлодарской области








