Павлодар облысы білім беру басқармасының «Железин аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК
КГКП «Железинский аграрно-технический колледж» управления образования Павлодарской области
«Қазіргі жастар: патриоттар немесе космополиттер ұрпағы?»
2025 жылдың 8 қазанында Железин аграрлы-техникалык колледжінде “Ұшқыр ой алаңы” жобасы аясында «Қазіргі жастар: патриоттар немесе космополиттер ұрпағы?» тақырыбында пікірталас өтті.
Іс-шара оқушылардың сыни ойлауын, дәлелдеу, өз көзқарасын қорғай білу, сындарлы диалог жүргізуге бағытталған.
Қатысушылар қазіргі жастардың негізгі құндылықтарын, олардың туған жеріне, мәдениетіне және тіліне деген көзқарасын, сондай-ақ жаһандануға деген ұмтылысын және жаңа идеялар мен халықаралық тәжірибеге ашықтығын талқылады.
2025 жылғы 6 қазанда Железин аграрлы-техникалық колледжінде «табиғи ресурстарға (су, энергия) ұқыпты қарауды қалыптастыру»кураторлық сағаты өткізілді
Сабақтың мақсаты-студенттердің табиғи байлыққа саналы және жауапты көзқарасын қалыптастыру. Кураторлық сағат барысында оқушылар су мен электр энергиясын ұтымды пайдаланудың маңыздылығын талқылады, оларды күнделікті өмірде үнемдеудің қарапайым тәсілдерімен танысты.
Сондай-ақ, «төтенше жағдайларға қалай дайындалу керек: тұрмыстағы және көшедегі қауіпсіздік»қауіпсіздік сағаты өткізілді
Студенттерге ең көп таралған Төтенше жағдайлар (өрт, газдың ағуы, су тасқыны және т.б.) және олар пайда болған кезде әрекет ету алгоритмдері туралы айтылды. Алдын алу шаралары, төтенше жағдайлардағы мінез-құлық ережелері және нұсқауларды сақтаудың маңыздылығы талқыланды.
Өткізілген іс-шаралар экологиялық сананы қалыптастыруға және жеке қауіпсіздік деңгейін арттыруға ықпал етті.
Толығырақ...«Заң және қоғам»
2025 жылғы 15 қыркүйекте Железин аграрлы-техникалық колледжінде «Заң және қоғам» тақырыбында құқықтық сағат өткізілді. Іс-шараға кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор Балгужинова И.И. қатысты.
Заңнамадағы өзекті мәселелер бойынша мазмұнды презентацияны сынып жетекшісі Алиева А.А. ұсынды.
Іс-шараның мақсаты — студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауды қалыптастыру, өз құқықтары мен міндеттерін түсіну, сондай-ақ құқықтық ойлауды дамыту.
Ерекше назар есірткі заттарының зиянына аударылды. Инспектор олардың денсаулыққа тигізетін ауыр зардаптары және тыйым салынған заттарды сақтау мен таратқаны үшін заңнамада көзделген жауапкершілік туралы айтты.
Толығырақ...Жаңа оқу жылында біз – студенттер мен оқытушылар апта сайын Мемлекеттік Әнұранды орындау дәстүрін жалғастырамыз.
Жаңа оқу жылында біз – студенттер мен оқытушылар апта сайын Мемлекеттік Әнұранды орындау дәстүрін жалғастырамыз. Әр дүйсенбі күні жаңа жұмыс аптасын осындай патриоттық жігермен бастау біз үшін үлкен мәртебе. Бұл дәстүр жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті арттыра түседі.
Бос жұмыс орындары
Мемлекеттік қызметтер
управления образования Павлодарской области









